Қызылорда облысының оңтүстігінде 30 үй су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының оңтүстігінде 30 үй су астында қалды

Қызылорда облысының оңтүстігінде 30 үй су астында қалды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында 30 үй тасқын судың астында қалып, 157 адам басқа жаққа көшірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жаңақорған ауданының әкімі Ерлан Мұстафаев хабарлады.

  • 4 Наурыз 2005
  • 546
Фото - Caravan.kz

Е.Мұстафаевтың айтуынша, Сырда түзілген сеңнің салдарынан ернеуінен асқан су Төменарық гидропостына таяу жердегі қорғаныс бөгетті бұзып кеткен.

Қазір ауданда төтенше жағдай жарияланды. Ауыл тұрғындарының бір бөлігі туыстарының үйіне таратылса, кейбіреуіне арнап аудан орталығынан уақытша баспана берілді. Су астында қалу қаупі төніп тұрған Ақмай ауылдарының тұрғындарын көшіру үшін автобустар әзірленді.
Көршілес Шиелі ауданының орталығы мен жағалаудағы басқа да бірнеше елді мекен қауіпті аймақта орналасқан. Жергілікті тұрғындарға шұғыл көшке әзір отыруға кеңес берілді.
Бөгеттің бұзылған жерлерін жөндеуге адамдар мен техника жұмылдырылып, жару жұмыстары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта