Зардап шеккендерге арнап қаржы жинау және оны табыс ету жұмыстарымен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің жанынан құрылған арнаулы штаб айналысатын болады. Осы мақсатпен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі отандық бір банкте арнаулы есепшот ашты. Бұл штаб ақшамен бірге жылы заттар, азық-түлік пен түрлі құрал-жабдықтарды да қабылдайды.
Ә.Дербісәлінің айтуынша, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ұжымы бір күндік жалақыларын көмек ретінде аударды.