Әлемдік банктің басшысы Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауының маңызын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банктің басшысы Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауының маңызын атап өтті

Әлемдік банктің басшысы Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауының маңызын атап өтті

7-наурызда Вашингтонда Әлемдік банктің президенті Джеймс Вульфенсон АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаевпен кездесу барысында "президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында алға қойылған мақсаттардың ауқымдылығына қайран қалғанын" атап өтті. Әсіресе жолдаудағы білім беру және денсаулық сақтау, сот жүйесін реформалау және сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары саласындағы бастамалар банк басшысына үлкен әсер қалдырған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 503
Фото - Caravan.kz

Дж.Вульфенсонның айтуынша,»бұл жолғы жолдау Қазақстан президентінің жаңашыл ақыл-парасатын тағы бір айғақтады. Бірақ ендігі басты проблема — оны жүзеге асыруда болмақ. Бұл Қазақстан үкіметіне ұлығаусар жауапкершілік жүктейтіні анық».

Кездесу барысында Әлемдік банктің басшысы мен Қазақстан елшісі қазіргі ынтымақтастық ахуалы мен оның болашағы туралы да талқылады. Осы орайда Дж.Вульфенсон Әлемдік банк тарапынан жолдауды жүзеге асыруға, басқа елдердегі осы саладағы тәжірибемен бөлісуге көмек көрсетілетінін жеткізді.
Қазақстан Әлемдік банк тобына 1992-жылы мүшелікке өткен. Осы уақыт ішінде банк Қазақстандағы 24 жобаға арнап 2 млрд. доллар бөлді. Бұл жобалардың арасында қаржы және зейнетақы жүйесіндегі реформаларды қолдау, қазіргі заманғы бюджеттік жүйені енгізу мен мемлекеттік қызметті реформалау жобалары бар. Бүгінде Әлемдік банктің Қазақстандағы инвестициялық қоржыны 490 млн. долларды құрайды. Оған ауылшаруашылығы, қоршаған орта және инфрақұрылым салаларындағы 6 жоба қамтылған.
Банктің республикадағы болашақ бағдарламалары 2004-жылы бекітілген үш жылдық әріптестік стратегиясында айқындалған. Онда Қазақстан президентінің жолдауында басымдық берілген экономиканы диверсификациялау және оның бәсекелестік қабілетін арттыру салалары арқау етіп алынған. Сондай-ақ, стратегияда білім беру және денсаулық сақтау, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өуіне қолдау көрсету, мұнайдан түскен кірістерді басқару және инновациялық технологияларды ынталандыру саларларындағы ынтымақтастық жолдары ескерілген.

Перейти к новостям спорта