Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 680
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жол апаты 8-наурызда Жамбыл ауданында Ұзынағаш-станция Ұзынағаш автожолының 4-шақырымында болған. «ВАЗ-2121» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-21063» автокөлігімен соғысып қалған. Апат салдарынан «ВАЗ-21063» автокөлігінде отырған 20 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, екі жолаушы мен «ВАЗ-2121» автокөлігінде отырған екі жолаушы ауруханаға түсті.