Павлодарда шығыранның көтергіші құлау салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда шығыранның көтергіші құлау салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Павлодарда шығыранның көтергіші құлау салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Павлодарда шығыранның көтергіші құлау салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға өткен аптаның аяғында Кутузов көшесінің бойындағы үй құрылысында болған. Тросы үзіліп кету салдарынан салынып жатқан үйдің екінші қабатына құлаған шығыран көтергіші екі жұмысшыны жаншып кетті. Оқыс оқиға орнына келген қалалық құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен хабарлағанныдай, 7-наурызда зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Екіншісі қазір ауруханада жатыр. Оның аяғын кесуге тура келген.

Бүгін Павлодарда арнаулы комиссия жұмысқа кіріседі. Ол оқиғаның себеп-салдары мен кінәлілерді анықтайды.
2004-жылы оқыс оқиғалардың салдарынан Павлодар облысындағы өндірістерде 186 адам түрлі дәрежелі жарақат алып, 17 адам қаза тапты. Биылы жылдың қаңтар айында Павлодарда құрылыс жұмыстары кезінде 10 қабатты үйдің биіктігінен 41 жастағы кірпіш қалаушы құлап мерт болды.

Перейти к новостям спорта