Шардарадағы су деңгейі тұрақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардарадағы су деңгейі тұрақтанды

Шардарадағы су деңгейі тұрақтанды

9-наурыз, таңертеңгі жағдаймен Шардара қоймасындағы су көлемі 5,066 млрд. текше метрге жетті. "Оңтүстік су шаруашылығы" РМК-ның оперативтік бөлімінің бастығы Болат Әбіловтың KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, бұл көрсеткіш екі күннен бері өзгерген жоқ.

  • 9 Наурыз 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен Шардараға келіп жатқан су көлемі 1059 текше метр/сек, жіберілетін жалпы су көлемі 1394 текше метр/сек, Сырдария арнасына 800 текше метр/сек, Қызылқұм каналына — 120 текше метр/сек, Арнасайға 474 текше метр/сек су жіберілуде.

Ал ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу және оның зардаптарын жою, Отырар ауданы мен Түркістанда селдің алдын алу шаралары жалғасуда. Әзірге өзен суының арнасынан асу және елді мекендерді су басу оқиғалары жаңадан тіркелген жоқ. Отырар ауданында су тасқынының зардаптарын жою, елді мекендердің төңірегіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бәйдібек ауданындағы Ұланбел-Созақ-Екпінді автожолының 645 шақырымындағы жол төсенішін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Қызылорда облысындағы Қызылорда гидроторабынан төменге қарай жіберілетін су көлемі секундына 576 текше метрді құрап отыр. Қызылорда гидроторабынан жоғарыға қарай 80 шақырымда Жетікөл-Жарма бөгені маңында сең жиналған. Апаттан құтқару қызметтері жағалауды нығайту жұмыстары мен суды магистралдық каналдардан бұру шараларын жалғастыруда. Сеңді жою үшін 9 жару жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырымға созылып жатқан мұз құрсау бұзылды.

Перейти к новостям спорта