Қостанайда әкесі кепілдікке алған баланы босату шарасы жүзеге асырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда әкесі кепілдікке алған баланы босату шарасы жүзеге асырылды

Қостанайда әкесі кепілдікке алған баланы босату шарасы жүзеге асырылды

Қостанайда маскүнем әкесі кепілдікке алған төрт жасар баланы босату шарасы жүзеге асырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ІІББ баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 483
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 5-наурызда кешкі сағат 18-де тәртіп сақшыларына бір әйел арыз айта келген. Ол отбасындағы ұрыс-керістен кейін 4 жасар ұлын алып, пәтердің есігін кілттеп алған күйеуі баласын жазалайтынын айтып қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын хабарлайды.

Оқиға орнына «Арлан» арнаулы бөлімшесінің қызметкерлері, облыстық прокурор мен ІІББ-ның бастығы келіп жетті. 40 жастағы еркекпен келіссөздер жүргізуге жасалған талпыныстар нәтижесін берген жоқ. Есікті ашудан бас тартқан ол тіпті көгілдір отынның шүмегін ашып жіберемін деп қорқытады. Осыдан кейін оқиға орнына газ мамандары шақырылып, пәтерге көгілдір отын жіберу доғарылып, «Арлан» тобының жауынгерлері баланы босату шарасын бастады. Полицияның хабарлауынша, операция 20 минутқа созылды.
Пәтердің қожайыны мас күйінде қолға түсті. Қазір оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.

Перейти к новостям спорта