Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың наурыз айында салық комитетінің қызметкерлері Петропавлдағы бір дәмханаға тексеру жүргізген кезде бақылау-касса машинасын қолдану тәртіптерін бұзу, спиртті өнімдердің сәйкестік сертификатын алмау сынды бірқатар қайшылықтар әшкереленген. Осындай беті ашылған келеңсіздіктерді жасырып қалу үшін тексеруге келген салық маманы дәмхана басшылығынан 100 мың теңге пара талап еткен.
Өз кезегінде дәмхана басшылығы бопсалау дерегі туралы арыз беріп, күдіктіні қаржы полициясыынң қызметкерлері қолға түсірді.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Лауазым иесінің пара алуы» туралы 311-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.