Тәжікстанда парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну шарасы басталды

Тәжікстанда парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну шарасы басталды

Тәжікстанда парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығынан (маджлиси оли құрамындағы милли маджлиси) үміткерлердің атын ұсыну шарасы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан орталық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

Заңға сәйкес, парламенттің жоғарғы палатасының 33 өкілінен 8 депутатты президент тағайындаса, қалған 25 адам аудандық, қалалық және облыстық маджлистердің бірлескен сессияларында сайланады. Президенттің жарлығына сәйкес, бірлескен сессиялар 24-наурызда Душанбе, Хорог, Курган-Тобе және Худжантта өтеді. Маджлистер осы уақытқа дейін өз үміткерлерінің атын ұсынып үлгеруі тиіс.

Жоғарғы палатаның депутаттары әрбір бес жылда сайланады. Тәжікстан президенті өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін маджлиси миллидің депутаттығына өмірінің соңына дейін сайланады. Президент бірақ бұл құқықтан өз еркімен бас тарта алады. Қазір осындай депутат мәртебесіне Тәжікстан Республикасының тұңғыш президенті Каххор Махкамов ие болып отыр.

Перейти к новостям спорта