Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің жаңа құрамының өкілеттігін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің жаңа құрамының өкілеттігін мойындады

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің жаңа құрамының өкілеттігін мойындады

Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы парламенттің жаңа құрамының өкілеттігін мойындады. Бұл туралы 27-наурыз, жексенбіде Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы Тұрғынәлі Әбдірайымов парламенттің бұрынғы және жаңа құрамын жинап алып өткізген жиналыста мәлімдеді. Бұған дейін Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын басқарған Сүлеймен Иманбаев денсаулық ахуалына байланысты қызметінен босатылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 28 Наурыз 2005
  • 427
Фото - Caravan.kz

Т.Әбдірайымов парламент сайлауының қорытындысына дау айтылып отырған округтерде қайтадан дауыс беріледі деп мәлімдеді.

Жексенбі күні Жогорку кенеш депутаттары алдында сөз сөйлеген күш құрылымдарының жаңа үйлестірушісі Феликс Кулов парламенттің жаңа құрамы елдегі бірден-бір заңды билік екенін мәлімдеді. Өткен үшінші шақырылым депутаттарына қаратып мәлімдеме жасаған Ф.Кулов : «сіздердің өкілеттілік мерзімдеріңіз аяқталды. Жаңа парламент сайлануы тиіс. Мейлі ұнасын, мейлі тіпті ұнамасын, жаңа парламенттің шешімдеріне мен мойынсұнуға мәжбүрмін»,- деді. «Егер сендер адамдарды ереуілге алып шығатын болсаңдар, онда мен өз тарапымнан сендерді тұтқындауға қадамдар жасайтын боламын»,- деді Қырғызстан күш құрылымдарының үйлестірушісі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-наурызда, республикада билік өзгергеннен кейінгі алғашқы күні Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты жаңадан сайланған парламент депутаттарын тіркеуге тыйым салып, бұрынғы парламенттің заңдылығын жария еткен. Алайда жаңадан сайланған заң шығарушылар Жоғарғы сот қысым салдарынан осындай шешім қабылдады деп санайды.
Бүгін Бішкекте парламенттің бұрынғы және жаңа құрамдарының бас қосуын өткізу межеленіп отыр. Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешіміне қарамастан, үшінші шақырылым парламентінің депутаттары аталмыш мәселе бойынша өз ұстанымдарын айқындау үшін жиналмақшы.

Перейти к новостям спорта