Шымкентте электр қуатын беру көлемі шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте электр қуатын беру көлемі шектелді

Шымкентте электр қуатын беру көлемі шектелді

Шымкентте электр қуатын беру көлемі шектелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Оңтүстік жарық" ЖШС-нің бас инженері Әнуар Баткаев хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2005
  • 546
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда электр қуатының тапшылығы 30МВт-ты құрап отыр. Мұндай тапшылықты Ә.Баткаев жылыту маусымының аяқталуымен және күн райының шұғыл суытуымен байланыстырып түсіндіреді. «Тұрғындар тоқпен жылытқыш құралдарды пайдалана бастауға байланысты электр қуатын тұтыну мөлшері артты, ал керісінше еліміздің оңтүстік өңірлерінде оны өндіру көлемі азайды. Өйткені, 26-наурызда Жамбыл ГРЭС-нің жұмысы тоқтатылды»,- деді ол.

Бүгінде Шымкентегі 3-Жылу электр орталығы 55 МВт, Шардара Су электр станциясы 100 МВт тоқ өндірсе, Екібастұз ГРЭС-інен келетін тоқ 65 МВт-ты құрайды.
«Оңтүстік жарық» қазір еліміздің солтүстік аймақтарынан алатын электр қуатының көлемін арттыру туралы келіссөздер жүргізуде. Ә.Баткаевтың айтуынша, қажетті тоқ көлемін сатып алуға компанияның қаржысы жеткілікті.
Ал Тараздағы KZ-today тілшісінің хабарлауынша, Жамбыл ГРЭС-і республика үкіметі жоспарлаған мерзімнен 10 күн артық жұмыс істеді. Станция жоспар бойынша 15-наурызда жұмысын тоқтатуға тиіс болатын. Алайда күн райы ахуалы мен Шардара су қоймасындағы күрделі жағдайға байланысты жұмыс 26-наурызда ғана тоқтатылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соңғы жылдары Жамбыл ГРЭС-і тек қысқы жылыту маусымында ғана жұмыс істеуде. Өйткені бұл кезде «Солтүстік-Оңтүстік» электр жалғастыру желісінің қажетті электр қуатын өндіруге шамасы жетпей қалады. Дегенмен, Жамбыл ГРЭС-і тоқ өндіруде аса қымбатқа түсетін мазут және газбен жұмыс істейтіндіктен, станцияда өндірілетін электр қуатының құны Павлодардағы ГРЭС-те өндірілетін тоқтан 1,5-2 есе қымбат. Жамбыл ГРЭС-інің өнімін шамалы болса да арзандату үшін үкімет кәсіпорынға дотация бөлуде.

Перейти к новостям спорта