Бюджеттің кіріс бөлігін 108,1 млрд. теңге арттырып, 1 трлн. 249 млрд. теңгеге (Ішкі Жалпы Өнімнің 19% ), шығыс бөлігін 120,4 млрд. теңгеге арттырып, 1 трлн. 362,7 млрд. теңгеге жеткізу көзделген.
Нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес, 2005-жылғы Жалпы Ішкі Өнім 6,58 трлн. теңгені құрайды деп күтілуде. Жылдық орташа инфляция 5-7 проценттік дәліз аясында болмақ.
Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы жылдық бағамының болжамдық орташа көрсеткіші 130 теңге болмақ. Әлемдік нарықтағы мұнай құны бір баррельге 42 долларды құрамақ.
Парламент мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиевтің айтуына қарағанда, «2005-жылғы республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «мәжілістің талқысына 27-сәуірде , ал сенаттың қарауына 13-мамырда жіберіледі».