Сарапшылардың айтуынша, олардың 7 проценті ғана республикалық меншіктегі кәсіпорындарға жатса, қалғандары — жергілікті бюджеттерден қаржыланатын коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін, 14-сәуірде мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің негізгі іс-қызмет бағытына жатпайтын функцияларын шағын әне орта бизнеске өткеріп беру мәселесі бойынша өткен үкіметтік кеңесте Даниал Ахметов бұл проблеманы тағы бір жан-жақты саралап, үкімет отырысында қайтадан қарау үшін толыққанды ақпарат дайындауды ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне тапсырды.