Қазақстанның Лондондағы елшілігі Еуразиялық МедиаФорум қарсаңында журналистерге арнап кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Лондондағы елшілігі Еуразиялық МедиаФорум қарсаңында журналистерге арнап кездесу өткізді

Қазақстанның Лондондағы елшілігі Еуразиялық МедиаФорум қарсаңында журналистерге арнап кездесу өткізді

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ІҮ Еуразиялық МедиаФорум қарсаңында шетелдік журналистерге арнап дәстүрлі кездесу өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов пен Еуразиялық МедиаФорумға дайындық жөніндегі лондондық құраманың жетекшісі Сью Филипс журналистерге Алматы форумына деген қызығушылығы үшін ризашылық білдіріп, алдағы МедиаФорумның күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ІҮ Еуразиялық МедиаФорум 21-23-сәуір аралығында Алматыда өтеді. Форумға жетекші халықаралық және аймақтық БАҚ-тардың өкілдері, танымал саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен іскертоп өкілдері қатысады.
Форумға қатысушылар лаңкестік әрекеттер туралы ақпараттар тарату мәселесі бойынша пікірталас өткізіп, медиа-заңнамалар тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ «Журналистика және жарақат» тақырыбы қозғалып, онда қарулы қақтығыстар тақырыбы бойынша қалам тербейтін журналистер арасындағы жан жарақатына қатысты стресс феномені сарапқа салынбақшы. Сонымен қатар «Азиядағы трагедия», «Интернет аймағын жуасыту», «ВИЧ/СПИД проблемасын БАҚ арқылы жариялау проблемалары», «Араб тіліндегі БАҚ-тар феномені» деген тақырыптар бойынша пікірталастар өрбітіледі. Форум аясындағы тағы бір отырыс «Саяси және іскерлік брэндинг» тақырыбына арналмақшы. Кездесуге қатысушылар бұған қоса бағасы төленген жарнамалық материалдарды жария етудегі БАҚ-тардың заңнамалық және моральдық жауапкершілігінің деңгейін анықтайды. Ал форум аясындағы тоғызыншы отырыс бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі төңкерістер тақырыбын қаузайды.

Перейти к новостям спорта