Павлодарлық құтқарушылар Ертісте сең үстінде қалған оқушыларды құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық құтқарушылар Ертісте сең үстінде қалған оқушыларды құтқарды

Павлодарлық құтқарушылар Ертісте сең үстінде қалған оқушыларды құтқарды

Павлодарда облыстық судан құтқару қызметінің күзет жасақтары Ертісте сең үстінде қалған 13 және 14 жастағы екі оқушыны құтқарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық судан құтқару қызметінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 441
Фото - Caravan.kz

Павлодарлық екі оқушы Луначарский көшесінің маңында мұзда сырғанау үшін Ертіске түскен. Осы кезде мұз кесегі бөлініп кетіп, оқушылар үстінде қалып қояды. Оқиға орнынан алыс емес жерде Ертісті жағалай күзетте жүрген судан құтқарушылар оқушыларды құтқарып алды. «Мұз үстінде қалған жасөспірімдер қорқыныштан байбаламға көшкен. Жақын жерде құтқарушылар жүрмеген жағдайда оқиға қайғылы аяқталар еді»,- дейді облыстық судан құтқару қызметі төрағасының орынбасары Виталий Тұрысов.

Ертісте биыл мұз көшкіні әдеттегіден ерте басталды. Мамандардың пайымдауынша, ол қардың жылдам ери бастауына байланысты. Бұл әзірге тек жекелеген аймақтағы мұз көшкіні. Ал Павлодардағылар Ертістің бас сағасындағы мұз сәуірдің 20 шамасында ери бастайды деп күтуде.
Қазір күн сайын Павлодарда Ертісті жағалай екі топ күзетке шығуда. Олардың әрқайсысында үш-үштен судан құтқарушылар бар. Облыс аудандарында өзендегі жағдайды құтқару бекеттерінің старшиналары бақылауда. Облыстың кейбір аудандарында бір старшинаның үлесіне өзенге таяу орналасқан 10-15 ауылдан тиеді.

Перейти к новостям спорта