Мәселен, ҚР үкіметіне 2005 жылдың үшінші тоқсанында Экономикалық қылмыстарға және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясымен) бірлесіп 2006-2010-жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, ҚР президентінің бекітуіне енгізу, басты назар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен жағдайларын және азаматтардың құқықтарын бұзуды жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет қабылдаған шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету, бағдарламаны іске асыру барысы туралы ел халқын жүйелі түрде хабардар ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге аудару тапсырылды.
Жекешелендіру процессінің, мемлекеттік сатып алу және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары саласында шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірлеу.
Сонымен қатар 2005-жылдың аяғына дейін үкіметке мемлекеттік сатып алудың тендерлік жүйесінен негізінде биржалық саудаға, сондай-ақ, электрондық мемлекеттік сатып алуға көшу үшін қажетті жағдай туғызу жүктелді.
Шекара арқылы өткізілетін жүктерді, соның ішінде транзиттік жүктерді алып жүру үшін шектес мемлекеттермен біртұтас ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жүктерді тек кеден шекарасы өтетін орындарда рәсімдеуді көздейтін кеден рәсімдерін жүзеге асырудың нақты тәртібін жасау тапсырылды.
Сонымен бірге мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызуға ықпал ететін факторларды кешенді зерделеуді және меншік құқықтарын кепілді қорғауға бағытталған шаралар тұжырымдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкіметке 2005-жылғы 1 тамызға дейін мемлекеттік органдардағы лауазым иелерінің азаматтар мен кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуынан қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын реттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; лицензиялық -рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі, соның ішінде қызметтің лицензияланатын түрлерін қысқару және лицензиялар мен рұқсаттар алудың тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты аяқтау; 2006-жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Жарлыққа сәйкес, 2005-жылғы 1-қазанға дейін Экономикалық қылмыстарға және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясымен) және Бас прокуратурамен бірлесіп қолданыстағы заңға тәуелді актілерге, оларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына жағдай туғызуға жол бермейтін нормалар енгізу тұрғысынан тексеру жүргізу жүктелді.
Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметін реттейтін, айқындық пен ашықтықты, соның ішінде олардың кіріс бөлігін түзу, мемлекеттік сатып алуды және кадр саясатын жүзеге асыру саласындағы айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тапсырмасы берілді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 2005 жылғы төртінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан қаржы бақылау органын құру жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізу;
2005 жылдың сонына дейін заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (тазартуға) қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
2005 жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызмет бабын асыра пайдалануды, бюджет қаражаты мен ресурстарын нысаналы пайдаланбауды, лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуын анықтау мақсатында тексерулерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы) мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар тарапынан болатын сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру фактілері туралы азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен хабарламаларға (арыздарға) жедел ден қою қызметтерін құру;
шенеуніктер тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, кәсіпкерлер құқықтарына қысым жасау фактілерін анықтау жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша арыздарды қараудың нәтижелері туралы өтініш берушілер мен жұртшылықты хабардар ету жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ашықтығын камтамасыз ету міндеттері жүктелді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік органдар кызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билік органдарында лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу тапсырылды.
Сондай-ақ, аталмыш мекемеге мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттауды өткізу туралы үлгі ереже әзірлеу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін бір ай мерзімде әзірлеу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурстардың ашық өткізілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеу міндеттелді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық атқарушы және жергілікті билік органдары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындауына тексерулер жүргізу жөнінде тапсырма берілді.Және олар осы жұмыстың нәтижелері туралы жұртшылықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз етуі тиіс .
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2005 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен бірлесіп алқабилер соты институтын енгізу және қалыптастыру мәселелерін реттейтін заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге тапсырма берілді.
Адвокатураның сот ісін жүргізу шеңберіндегі және сот шешімдерінің орындалу кезеңіндегі рөлін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын, тиісті заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп халықтың сот төрелігі органдарына сенімін арттыру мақсатында сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыру;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстары туралы істер бойынша сот практикасын қорыту, соттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы колдануы жөнінде тиісті түсініктерді тұжырымдау ұсынылды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, қабылдасын, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
өңірлерде кәсіпкерлердің құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құрылымдар мүдделерін сүйемелдеп-қолдауына тыйым салу жөнінде шаралар қолдансын;
аумақтық құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері тарапынан, бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық, білім беру және денсаулық сақтау салаларында азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты қызмет бабын асыра пайдалану, парақорлық, бопсалау фактілерін анықтауға бағытталған тексерулер жүргізу;
жер учаскелерін бөлу кезінде Казақстан Республикасы Жер кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету, бекітілген жер меншігін заңсыз қайта бөлу фактілерін болдырмау ;
барлық мемлекеттік мекемелер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қолданған шаралары туралы халық алдында ұдайы есеп беруін өткізуді ұйымдастыру тапсырмалары жүктелді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының бұзылуына жол берген мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды адамдары қызметінің әділ әрі жан-жақты қаралуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және басқа да орталық атқарушы органдары осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолданады.
Жарлықтың орындалуын бақылау Казақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.