С.Бұлтаевтың айтуынша, егер былтыр полиция қызметкерлері облыс орталығында 68 қылмыс туралы ақпаратты жасырып қалса, 2005-жылғы 1-тоқсанда мұндай оқиғалардың саны 20-ға жетіп үлгерген. Прокурордың айтуынша, тергеу жүргізілмеген қылмыстардың арасында «тіпті кісі өлтіру қылмыстары да бар». Мәселен, 2004-жылы Қостанай қалалық ішкі істер бөлімінің тергеушісі кісі өлтіргішті жауапкершіліктен құтқарып қалғаны үшін жұмыстан шығарылды.
Сонымен бірге С.Бұлтаевтың айтуынша, 2005-жылғы 1-тоқсанда сот және қадағалаушы органдар шешімдерінің небәрі 36 проценті ғана орындалған. Осы мерзімде 1 млрд. 275 млн. теңгенің 14 691 шешімі сот үкімін орындату сатысына өткен. Оның 5069-ы ғана нақты орындалып, 175 млн. теңге өндіріп алынған.
Прокуратура әсіресе алименттерді өндіріп алу проблемасына айрықша алаңдаушылық танытып отыр. Тексеру нәтижесі бойынша осындай шешімдердің небәрі 30 проценті ғана орындалатыны анықталды. Сот үкімін орындатушылардың құзыретіне көшкелі бірнеше жыл болған, бірақ, алимент төлеуге тиісті адаммен ешбір жұмыс жүргізілмеген істердің бар екені де тексеру барысында анықталды, дейді прокурор.