Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясында 4,7 млрд. теңгенің қаржылық қайшылықтары әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясында 4,7 млрд. теңгенің қаржылық қайшылықтары әшкереленді

Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясында 4,7 млрд. теңгенің қаржылық қайшылықтары әшкереленді

"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ-ын тиімді басқара алмау салдарынан кәсіпорын басшылығы жалпы алғанда 4758,5 млн. теңгенің қаржылық заң бұзушылық оқиғалары мен негізсіз шығындарға жол бергені анықталды. ҚР қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің сарапшылары 2005-жылғы 1-тоқсанда жүргізген тексеру қорытындысы бойынша осындай тоқтамға келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 514
Фото - Caravan.kz

Мәселен, соның салдарынан кәсіпорын 1 млрд. теңгенің шығынына ұшырап, 3,7 млрд. теңгенің айналым құралдары алынған.

Мәселен, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ААҚ жалақы қорын жоспарлау мен штат кестесін түзуде зейнетақы қорларына аударылатын қаржыны жеке тұлғалардың есебінен емес, ААҚ-ның шығындары есебінен жоспарланған. Соның салдарынан 2003-жылғы наурыз-қараша айлары аралығында зейнетақы қорына есептеліп аударылған 37,9 млн. теңге электр қуатын өндіруге жұмсалған шығындар есебіне еніп кеткен.
Сонымен бірге есепшілер мен норма мамандары бұрындары жұмыстан шығып кеткен 12 адамның атына 1,5 млн. теңге жалақыны есептеп, қаржыны «Қазкоммерцбанк»АҚ мен «ТұранӘлемБанкі»АҚ филиалдарында рәсімделген «өлі жандардың» есепшотына аударған.
Сонымен бірге «Траст-ЭК»ЖШС арқылы техникалық шарттарға сай келмейтін, бұрын тұтынылған жабдықтарды сатып алу салдарынан 6,4 млн. теңгенің шығыны келген.
Бұған қоса «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ААҚ мен түрлі коммерциялық құрылымдар арасында тауар алмасылмайтын операцияларды жүргізу салдарынан мемлекет қоржыны 118,2 млн. теңгенің шығынына ұшырады.
Барлық тексеру материалдары процессуалдық шешім шығару үшін құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды. Олардың кейбірі бойынша қылмыстық істер қозғалды

Перейти к новостям спорта