Қаржылық бақылау комитетінің тексерулері ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесіндегі қаржылық заң бұзушылық деректерінің бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржылық бақылау комитетінің тексерулері ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесіндегі қаржылық заң бұзушылық деректерінің бетін ашты

Қаржылық бақылау комитетінің тексерулері ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесіндегі қаржылық заң бұзушылық деректерінің бетін ашты

ҚР қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің тексерулері нәтижесінде Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде қаржылық заң бұзушылық деректерінің беті ашылды. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, 15-сәуірде таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 590
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 2004-жылдың қараша-желтоқсан айларында Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түзету мекемелері үшін бейнебақылау жүйесінің 22 жинақтамасын сатып алып монтаждауға «Тендем-Астана С&C» ЖШС -нің есепшотына 217,5 млн. теңге аударған. Келісім-шарт талабы бойынша бұл жабдықтар 2004-жылдың 10-желтоқсанына дейін пайдалануға берілуі тиіс болған. Сөйтіп, 2004-жылдың желтоқсан айында бейнебақылау жүйесі қабылдап-өткеру жөніндегі акт бойынша түзету мекемелерінің балансына енгізілген. Ал іс жүзінде 2005-жылдың 9-наурызына дейін бұл жабдықтар монтаждалып, пайдалануға берілмек түгілі, Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне де жеткізілмепті.

Осымен бірдей аталмыш комитет 2004-жылы тиісті тауарлар үшін «Қазақстан инжиниринг» ҰК ААҚ-ына 146 млн. теңге аударған. Бұл жабдықтар да күні бүгінге дейін жеткізілмеген.

Перейти к новостям спорта