Қазақстанда балалар құлдығын жоюға бағытталған бағдарлама жүзеге асырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар құлдығын жоюға бағытталған бағдарлама жүзеге асырыла бастады

Қазақстанда балалар құлдығын жоюға бағытталған бағдарлама жүзеге асырыла бастады

Қазақстан үкіметі елімізде бала еңбегімен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама жобасын жасап жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Батыржан Әшитов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 509
Фото - Caravan.kz

Вице-министрдің айтуынша, үш жылға есептелген бағдарлама Халықаралық еңбек ұйымы мен БҰҰ-ның Бала еңбегін жою жөніндегі Агенттігі бағдарламасымен бірлесе отырып жобаланады. Жобаны жасау және оны жүзеге асыру ісіне ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет министрлігі, ҚР білім және еңбек министрлігі, ҚР ІІМ, Кәсіподақ ұйымдарының конфедерациясы, ҚР тауар өндірушілері мен экспорттаушыларының Одағы атсалысады.

Б.Әшитовтың айтуынша, бағдарлама Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциясында көрсетілген бала еңбегінің ең сорақы түрлерімен күреске бағытталады. Конвенцияға сәйкес, осындай еңбек түрлеріне құлдық немесе соған ұқсас қанау түрлері, соның ішінде бала сату, мәжбүрлі және міндетті еңбекке салу, балаларды жезөкшелікпен шұғылдану, порнографиялық түсірілімдер, есірткі өндіру және сату үшін пайдалану жатады. Сонымен бірге балаларды отбасынан айыру немесе оқудан қол үздіру арқылы жұмысқа салу да бала еңбегінің ең сорақы түріне саналады.
Бағдарлама Орталық Азиядағы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларында жүзеге асырылады.
Бала еңбегімен күрес жөніндегі кешенді бағдарламаның Шығыс Еуропа және ТМД елдеріндегі бас маманы Клаус Гюнтердің айтуынша, «әрбір ел үшін жоба құны орта есеппен 400 мың долларды» құрайды. «Бірақ әр елдегі бағдарлама бюджеті бала еңбегінің кемсіту сипатындағы түрлерін жоюға қажетті жұмыстар көлеміне, сондай-ақ, ұлттық әлеуметтік әріптестер тарапынан ұсынылатын іс-шаралар жоспарына байланысты болмақ». К.Гюнтердің айтуынша, жобаны АҚШ және Германия үкіметі сынды бірнеше донорлар қаржыландырады.
Бала еңбегімен күрес жөніндегі кешенді бағдарламаның бас маманының айтуынша, жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат — бала еңбегінің ең сорақы түрлері туралы халықтың хабардарлық деңгейін көтеру, төрт елдің әрқайсысындағы осындай еңбек түрлерінің ерекшеліктері мен ауқымы туралы шынайы ақпараттар алу үшін зерттеулер жүргізу, сорақы еңбек түріне тартылған балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету болып табылады.

Перейти к новостям спорта