Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан журналистерінің конгрессі әзірлеген "БАҚ туралы" заңның жобасына оң баға беруге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан журналистерінің конгрессі әзірлеген "БАҚ туралы" заңның жобасына оң баға беруге дайын

Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан журналистерінің конгрессі әзірлеген "БАҚ туралы" заңның жобасына оң баға беруге дайын

Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан журналистерінің конгрессі әзірлеген "БАҚ туралы" заңның жобасын қарап, оған оң баға беруге дайын. Бұл туралы бүгін, 18-сәуірде Алматыда Қазақстан журналистерінің ІҮ конгрессінде сөз сөйлеген ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрінің орынбасары Ардақ Досжан мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

А.Досжанның айтуынша, мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің сарапшылары Қазақстан журналистерінің конгрессі әзірлеген «БАҚ туралы» заңның жобасы «үкімет жобалаған заң жобасымен салыстырғанда артықшылықтарға ие» деп бағалап отыр. Вице-министр осы орайда 2005-жылға арналған заң шығару жұмыстарының жоспарынан үкімет «БАҚ туралы» заңның жобасын алып тастағанын еске салды.

Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, Конгресс ұсынған «БАҚ туралы» заңның кейбір нормалары қазірдің өзінде үкіметтің кейбір нормативтік актілеріне қамтылып үлгерді. Бұл ретте электрондық БАҚ-тардың жұмысын реттеейтін техникалық ережелерді атауға болады.
Вице-министр Конгресс жобалаған заң жобасының парламент депутаттарының қарауына ұсынылу мүмкіндігін жоққа шығармады. «Парламентте журналистердің үлкен күшке ие болғаны белгілі»,- деді А.Досжан.
Вице-министр журналистер конгресіне министрлікпен бірлесе отырып заң жобасының ең қолайлы үлгісін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.

Перейти к новостям спорта