ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы мен Таиланд ханшайымы Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы мен Таиланд ханшайымы Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы мен Таиланд ханшайымы Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады

Бүгін, 18-сәуірде ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Таиланд ханшайымы Маха Чакри Сириндорнмен жүздесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Кездесуде Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 599
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Азия ынтымақтастық диалогына қатысты Таиланд елінің саяси бастамасын қолдайды және аталмыш диалогқа қатысуға Орталық Азия елдерінен бірінші болып Қазақстанның шақырылуын жоғары бағалайды»,- деді О.Мұхамеджанов.

Мәжіліс төрағасы сонымен бірге еліміздің АСЕАН-ға мүшелікке өту туралы талпынысын қолдағаны үшін Таиланд еліне алғыс білдірді. Осы орайда ол Таиланд Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша да Қазақстанға қолдау көрсетеді дегенге сенім білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Таиланд арасындағы ынтымақтастықтың қарқын ала бастағанын атап көрсеткен О.Мұхамеджанов бұл уәжге дәлел ретінде ханшайымның осы жолға сапарын, Таиланд үкімет басшысының биылғы жылдың аяғына межеленген сапары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006-жылдың басына жоспарланған сапарларын атады.
Таиланд ханшайымы Маха Чакри Сириндорн соңғы 10 жылда Қазақстанның саяси және экономика салалары мен қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. «Мен Қазақстанның экономикалық салалар мен кәсіби мамандар дайындау мақсатында алға қойған мақсаттарының ауқымына таңданысымды білдіремін»,- деді ол. Сонымен бірге ханшайым Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде болған табиғи зілзала кезінде қолұшын бергені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.

Перейти к новостям спорта