Қазақстанның либераландануы мен жер жаһанға ашықтығы - стратегиялық басымдық әрі сындарлы таңдау - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның либераландануы мен жер жаһанға ашықтығы - стратегиялық басымдық әрі сындарлы таңдау - Елбасы

Қазақстанның либераландануы мен жер жаһанға ашықтығы - стратегиялық басымдық әрі сындарлы таңдау - Елбасы

"Қазақстанның либераландануы мен жер жаһанға ашықтығы - жай сөз ғана емес. Бұл еліміздің өмірлік және ұлттық мүдделерін бейнелейтін стратегиялық басымдық әрі сындарлы таңдау. Жаһандану бізге еркіндік беріп қана қойған жоқ, бір-бірімізді өзара тәуелді де етті. Қазақстан халқына арналған менің жаңа Жолдауым елімізді алдағы уақытта жеделдете жаңартудың өзекті міндеттері нақ осындай терең пайымдауларға негізделген". Бүгін, 21-сәуірде Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорумның ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 533
Фото - Caravan.kz

Елбасы жария еткен мәліметтерге сүйенсек, «республикамызда қазақ және орыс тілдерімен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары 11 тілде: соның ішінде украин, поляк, ағылшын, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген тілдерінде шығады».

«Ұлттық диаспоралардың «Корё ильбо», «Уйгур авази», Дойчеальгемайне цайтунг» сияқты басылымдарына үнемі мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Мұндай жағдай посткеңестік елдердің ешбірінде кездеспейтінін атай кеткен артық бола қоймас»,- деді Н.Назарбаев.
Қазақстандық баспасөз нарығында шетелдік БАҚ-тар да кеңінен таралып отыр.
Қазір Қазақстанның ақпарат кеңістігінде 2400 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары еркін таратылады.
Олардың ішінде «Би-Би-Си», «Рейтер», «Дойче Велле», «Ассошиэйтед пресс», «Интерфакс», «ИТАР-ТАСС», «Франс пресс», «Синьхуа», «Бридж Ньюс» және т.б. әлемнің жетекші ақпарат құралдары да бар.
«Қазақстан жаһандық ақпарат ағысына да есігін айқара ашты.
Спутниктік теледидар мен әлемдік Интернет желісі қазақстандықтар өміріндегі үйреншікті құбылысқа айналды. Соның нәтижесінде отандық баспасөз нарығында интернет серпінді даму жолына түсті. Оны тұрақты тұтынушылардың саны қазірдің өзінде бір жарым миллионнан асып отыр»,- деді ол.
Н.Назарбаевтың айтуынша, «бұл жетістіктеріміздің бәрі біз ұстанып отырған либералдық реформалардың бірден бір дұрыстығын айғақтайтын және оның бұдан кейін де табанды түрде жүргізіле беретіндігінің айқын дәлелі болса керек».

Перейти к новостям спорта