Біртұтас Экономикалық кеңістікті өркениеттік үрдістерді арқау еткен медиакеңістіксіз қалыптастыру мүмкін емес - ЕурАзЭҚ бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртұтас Экономикалық кеңістікті өркениеттік үрдістерді арқау еткен медиакеңістіксіз қалыптастыру мүмкін емес - ЕурАзЭҚ бас хатшысы

Біртұтас Экономикалық кеңістікті өркениеттік үрдістерді арқау еткен медиакеңістіксіз қалыптастыру мүмкін емес - ЕурАзЭҚ бас хатшысы

Біртұтас Экономикалық кеңістікті өркениеттік үрдістерді арқау еткен медиакеңістіксіз қалыптастыру мүмкін емес. Бүгін, 21-сәуірде Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорумның ашылуында сөз сөйлеген ЕурАзЭҚ бас хатшысы

  • 21 Сәуiр 2005
  • 582
Фото - Caravan.kz

Григорий Рапота осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

«Мемлекеттердің экономикалық интеграциялану ісінде БАҚ-тар атқаратын рөлді асыра бағалау қиын»,- деп атап көрсеткен Г.Рапота осы орайда «Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыру — ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер арасындағы интеграциялық ықпалдастықтың басымдық берілген бағыттарының бірі»,- деп мәлімдеді.
Г.Рапотаның айтуынша, соңғы әзірде медиақоғамдастықтың назары «түрлі-түсті төңкерістер» атауына ие болған бірегей құбылысқа ерекше ауып отыр. Оның пікірінше, мұндай төңкерістерге «ел ішіндегі, әсіресе, экономика саласындағы тауқыметтер бірінші кезекте» түрткі болуда. «ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастық өз іс-қызметі арқылы осындай проблемаларды шешуді мұрат тұтады»,- деді ол.
ЕурАзЭҚ алдында тұрған мақсаттардың қатарында Г.Рапота Кедендік одақты қалыптастыру, біртұтас валюта рыногын қалыптастыру, Бүкіләлемдік сауда ұйымына бірігу бойынша ЕурАзЭҚ ұстанымын келісіу, біртұтас көлік қатынасы кеңістігін қалыптастыру мен ЕурАзЭҚ аясында бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін біртұтас несиелік институт құру тәрізді мақсаттарды атады. ЕурАзЭҚ бас хатшысы бұл мақсаттардың шешімі «БАҚ-тармен ықпалдастық құбылысымен ілесе жүруге тиіс» дегенді ерекше атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта