Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы форумға қатысушыларды әлемдегі саяси ахуалға баға беруден бас тартуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық МедиаФорумды  ұйымдастыру комитетінің төрайымы форумға қатысушыларды әлемдегі саяси ахуалға баға беруден бас тартуға шақырды

Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы форумға қатысушыларды әлемдегі саяси ахуалға баға беруден бас тартуға шақырды

Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева форумға қатысушыларды "әлемдегі саяси ахуалға баға беруден бас тартуға шақыра" отырып "керісінше, осындай жағдайда БАҚ-тар атқаратын роль туралы ой бөлісуді" ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде біз өмір сүріп отырған өркениет дүниесі өз-өзін БАҚ-тардың көмегімен түсініп-бағамдауға бейімделуде және бұл жағдай бізге — кәсіби журналистерге айрықша жауапкершілік жүктейді»,- деді Д.Назарбаева. «Электрондық коммуникациялардың техникалық мүмкіндіктерінің арқасында бірнеше мәрте күшейе түскен нақты ахуалды бейнелейтін сөз құдыреті қазіргі нақты ахуалдың өзінен әлдеқайда айшықты құбылысқа айналып барады»,- деп мәлімдеді ол.

Д.Назарбаеваның айтуынша, «бұл орайда журналистер лаңкестік әрекеттер туралы ақпараттарды таратуда шектеудің ала жібі қай жерден өтеді дегенді ашық ұғынуы тиіс. Адамдарды кепілдікке алған қылмыскерлерге эфир уақытын беру мораль шеңберіне жата ма, аты-шулы рейтинг дегеннің артынан түсеміз деп көгілдір экранда зорлық-зомбылыққа шектен тыс орын беріп қоймадық па дегенді парықтауы қажет».
Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымының пікірінше, «адамдарға ақпарат беруге міндетті БАҚ-тар бүгінде сол адамдардың санасымен манипуляция жасайтын жан түршігерлік тетікке айналуы ғажап емес». «Сөз бостандығы тұрақты дәстүрге айналған либералдық демократия үстемдік құрған елдерде соңғы кездері бұқара санасына мақсатты түрде идеологиялық әсер ету үлгілері мейлінше жиі ұшырасатын болды»,- деді ол. «Соңғы әзірде либералдық қоғамдық үлгі мен құндылықтарды дәстүрлі даму жолындағы елдерге күшпен дерлік таңуға бағытталған демократияны экспорттау секілді саяси құбылыстың белең алу ағымы айқын байқалып отыр»,- деді Д.Назарбаева.
«Медиақұрылымдар біздің көз алдымызда бұрынғы маңызынан биіктеп, жаңаша бағамдауды талап ететін соны құбылысқа айналып барады. Мүмкін әлемдік баспасөз әлемдік зейін-зерденің елесіне айналатын тылсым құбылыс дәл қазір жүріп жатқан шығар»,- деп қорытты өз сөзін ол.

Перейти к новостям спорта