Еуразиялық МедиаФорумды өткізу - дүниежүзілік қоғамдастықтың БАҚ-тардың тәуелсіздігін қолдайтынын тағы бір дәлелдейді - Кофи Аннан - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық МедиаФорумды өткізу - дүниежүзілік қоғамдастықтың БАҚ-тардың тәуелсіздігін қолдайтынын тағы бір дәлелдейді - Кофи Аннан

Еуразиялық МедиаФорумды өткізу - дүниежүзілік қоғамдастықтың БАҚ-тардың тәуелсіздігін қолдайтынын тағы бір дәлелдейді - Кофи Аннан

Еуразиялық МедиаФорумды өткізу - "дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан БАҚ-тардың тәуелсіздігін, баспасөздің өзіне жүктелген міндетті атқару құқығын, журналистердің Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияның 19-бабында көрсетілгеніндей, өздерінің өмірлік маңызы бар іс-қызметін қауіпсіз әрі адал атқаруына мүмкіндік беретін кепілдіктерді қолдайтынын тағы бір дәлелдейтін маңызды мүмкіндік болып табылады". Бүгін, 21-сәуірде Алматыда Еуразиялық МедиаФорумға қатысушыларға арнаған мәлімдемесінде БҰҰ-ның бас хатшысы Коффи Аннан осылай деп атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Бір барлығымыз адамдардың ерікті пікір-көзқарасын жалғастырушы, адам құқығын қорғаушы ретінде БАҚ-тарға үлкен үміт артамыз және оны даму құралы, ғаламдық сананы оятушы қуатты күш ретінде танимыз. Сол себепті де БАҚ-тар душар болатын тауқыметтер баршымызды алаңдататын пролемалар болып табылады»,- деді БҰҰ бас хатшысы.

Сонымен бірге К.Аннанның айтуынша, егер идеялар мен ақпараттар шекара аумағында және одан сыртқа қарай еркін өтіп таратылмаған жағдайда әлемнің түрлі аймақтарындағы бейбітшілікке қол жеткізу қиынның қиынына айналмақ. «Шектеулер орын алған жерде демократия мен даму болмайды. Керісінше, қуатты, еркін әрі тәуелсіз баспасөз ғана әлеуетті әрі дамушы қоғамға күш беретін қайнар көз, қоғамды жетілдірудің бірден-бір мүмкін құралы болып табылады»,- деді К.Аннан.

Перейти к новостям спорта