ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушы компанияға Теңіз және Королевское кеніштеріндегі кемшіліктерді жоюға 6 ай мерзімге мұрсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушы компанияға Теңіз және Королевское кеніштеріндегі кемшіліктерді жоюға 6 ай мерзімге мұрсат берді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушы компанияға Теңіз және Королевское кеніштеріндегі кемшіліктерді жоюға 6 ай мерзімге мұрсат берді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінде Қазақстандағы мұнай және газ кеніштерін игеру жөніндегі орталық комиссияның отырысы өтіп, онда Теңіз, Королевское және Құмкөл кеніштеріндегі ахуалға қатысты мәселелер талқыланды. Теңіз және Корлевское кеніштері "Теңізшевройл" БК ЖШС, ал Құмкөл кенішін "PetroKazakhstan Kumkol Resources"АҚ мен "ТорғайПетролеум" ЖАҚ бірлесе игеретіні белгілі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 652
Фото - Caravan.kz

Жер қойнауын пайдаланушылар жіберген материалдарға сәйкес, мұнай және газ кеніштерін игеру жөніндегі орталық комиссия Теңіз және Королевское кеніштерін игеру ережелері өрескел бұзылып отырғанын анықтады. Осыған байланысты орталық комиссия кеніштердегі кемшіліктерді жоюға қатаң талап қойып, олардағы ахуалды 6 айдан кейін қайтадан тексеріп пысықтау туралы шешім қабылдады.

Орталық комиссия сонымен бірге «PetroKazakhstan Kumkol Resources»АҚ мен «ТорғайПетролеум» ЖАҚ комиссия тапсырмаларын бірнеше мәрте орындамағанын атап өтті. Осыған байланысты комиссия Құмкөл кенішінде мұнай және газ өңдеу мөлшерін шектеу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған. Бұл шешім ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комитеті белгілеген ілеспе газды жақпау жөнінде деңгейге сәйкес қабылданды.

Перейти к новостям спорта