Қазақстанда демократияның төрт құбыласын түгендейтін төрт бостандық баянды болды - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда демократияның төрт құбыласын түгендейтін төрт бостандық баянды болды - ҚР президенті

Қазақстанда демократияның төрт құбыласын түгендейтін төрт бостандық баянды болды - ҚР президенті

"Қазір жаһандық парасат пен жаһандық интеллект қалыптаса бастады.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 1122
Фото - Caravan.kz

Үлкен дариялардың кішкентай бұлақтардан бастау алатыны сияқты жаһандық парасат та Еуразиялық медиа-форум сияқты шағын шаралардан арна тартады.

Бірлескен іс-қимыл, адал ақпарат алмасу мен өзара сенім сіздерді әрқашан таным мен түсіністікке, ынтымақтастық пен келісімге бастайтын болады деп сенемін». Бүгін, 21-сәуірде Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорумның ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Н.Назарбаевтың пайымдауынша, «жаһандану жағдайында барша адамзат қауымын алаңдатып отырған лаңкестік, экстремизм және нашақорлық сияқты дүние жүзіне ортақ проблемаларды барлық мемлекеттер өзара күш біріктіріп, бірлесе күрескен кезде ғана жоятын болады. Қазақстанның терроризмге қарсы күрес коалициасы қатарынан табылуының басты себебі де осында».
«Бай мемлекеттер кедей елдерге көмектесуі керек. Өйткені көптеген проблемалардың түп-тамыры осы кедейшілік пен теңсіздікте»,- деді Елбасы.
«Сондықтан біз әлемдік қауымдастықтың Ауғанстандағы, Иарктағы бейбіт өмірді қалпына келтіруге арналған шараларын қолдай отырып, бұл елге көрсетілер көмек бұдан да пәрменді болуы керек деп есептейміз»,- деп атап көрсеткен Н.Назарбаев: «Біз үнді-пакистан қарым-қатынастарының сапалық жаңа биікке көтерілуін өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды фактор ретінде үлкен үмітпен қабылдадық»,- деп атап көрсетті.
«Қазақстан сан алуан ұлттар, діндер мен өркениеттер тоғысында тұрған ел. Сондықтан біз үшін ел тыныштығы, халықтар татулығы мен өңірдегі қауіпсіздік ауадай қажет»,- деді ол.
Баспасөз форумын Қазақстанда өткізу дәстүрінің орнығуы біздің мемлекетіміздің билік пен қоғамның арасындағы кез келген проблеманы келісіп шешуге тырысатын еркін де жарқын ел екендігінің белгісі болса керек, деп санайды президент.
Елбасы сөз соңында АҚШ-тың ұлы президенті Франклин Рузвельттің бір дана пайымын еске салды.
«Америка үшін аса ауыр кезеңде, 1941 жылдың 6 қаңтарында Президент лауазымына үшінші рет кірісер алдындағы Конгрессте өткен инаугурацияда ол демократияның төрт құбыласын түгендейтін төрт бостандық туралы, атап айтқанда, діни наным-сенім бостандығы, мұқтаждықтан бостандық, үрейден бостандық пен сөз бостандығы туралы айтқан еді»,- деді Н.Назарбаев.
«Біз конфессия аралық татулық орнатуымыз арқылы діни наным-сенім бостандығын қамтамасыз еттік.Біз түбегейлі экономикалық реформаны табысты жүргізу арқылы мұқтаждықтан бостандықты орнықтырдық.
Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы адамдарды үрейден арылттық. Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік. Біз ашық та, еркін қоғам құрдық. Осының бәрі қазақстандық демократияның ең басты жетістігі деп білемін,- деп қорытты өз сөзін Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта