2004-жылы Қазақстанға әкелінген тікелей инвестиция көлемі 8,4 млрд. доллардан асып, тарихи бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстанға әкелінген тікелей инвестиция көлемі 8,4 млрд. доллардан асып, тарихи бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті

2004-жылы Қазақстанға әкелінген тікелей инвестиция көлемі 8,4 млрд. доллардан асып, тарихи бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті

2004 жылы ағымдағы операциялардан түскен 533 млн. АҚШ долларын қоспағанда, елімізге шетелдерден тікелей инвестициялар мен капиталдың халықаралық нарықтарынан тартылған заемдық ресурстар түрінде де кең көлемде инвестиция тартылды. Қазақстанға шетелдерден әкелінген тікелей инвестициялардың (ШТИ) жалпы көлемі 8,4 млрд. АҚШ долларынан асты. Бұл еліміз тарихында бұрын-соңды болмаған рекордты көрсеткіш болып табылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 613
Фото - Caravan.kz

Тартылған ШТИ-ның көп бөлігі (6,5 млрд. доллардан астамы немесе жалпы түсім сомасының 77,6%-ы) Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын әзірлеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға бағытталды.

ШТИ-дың жалпы әкелінуінің салалық құрылымында мұнай мен табиғи газ өндіруге (ШТИ-дың жалпы әкелінуінің 63,5%-ы), геологиялық және барлау қызметіне (20,3%), сондай-ақ металлургия өнеркәсібіне (3,8%) инвестициялар басым болды. Тартылған қаржыландыруда АҚШ-тан инвесторлардың үлес салмағы 36,9, Нидерланд — 21,4%, Ұлыбритания — 11,0%, Қытай — 4,7%, Италия — 3,7%, Франция — 3,3%, Швейцария — 2,8% және Ресей — 2,3% құрады.

Перейти к новостям спорта