Бұрғғылау жұмыстары судағы 7 метрлік тереңдікте 4 айға созылады. Ұңғының жобалық тереңдігі 2500 метрге тең. Барлау ұңғысының басты мақсаты — құрылымның юра-бор және триас жүйелеріндегі көмірсутегі қорын іздеу және бағалау болып табылады.
Ұңғыны бұрғылау және сынақтан өткізу барысында Каспий теңізінің ластануына жол бермейтін қалдықсыз, әлемдік деңгейдегі ең озық технологиялар қолданылады.
Түпқарағанда биыл бір ғана ұңғы бұрғыланбақшы. Бұдан кейінгі ұңғыларды бұрғылау туралы шешім алғашқысының нәтижесіне сәйкес қабылданады. Түпқарағандағы 2004-жылға арналған бұрғылау жұмыстарының бағдарламасына сәйкес «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» Жалпы алғанда 83 өндіруші ұңғы, соның ішінде 79 мұнай, 4 газ өндіруші ұңғы бұрғыланады.
Қазіргі жағдайме налғашқы ұңғыны бұрғылауға арналған қаржы бөлінді. «Бұл қаржыны «Түпқараған» Бірлескен кәсіпорнын тең бөлісіп иемденетін «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» және «ҚазақМұнайГаз ҰК» қарасты, бірақ қолма-қол ақшаны Ресейлік компания бөліп отыр»,- деді компания өкілі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрғылау жұмыстарын атқарушы мердігер ретінде Ресейдің «Лукойл Шельф Лтд» компаниясы таңдалған. Бұл компания әлемдік деңгейдегі «Астра» бұрғылау қондырғысын иемденеді.
Түпқарағандағы бұрғылау жұмыстарын «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» Компаниясы мен «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның теңіздегі жобаларға мамандандырылған еншілес компаниясы «ҚазМұнайТеңіз ТМК» ЖАҚ паритетті негізде жүзеге асыруда. «Түпқараған Оперейтинг Компани б.в.» — операциялық компания болып табылады.
Құрылымның болжамдық геологиялық қоры 388 млн. тонна шартты отынға тең , соның ішінде мұнай қоры 324,3 млн. тоннаны құрайды. Көмірсутегінің шикізат көзін табу мүмкіндігі жоғары деп есептеледі. Болжам бойынша мұнай өндіру жұмыстары 2012-жылы басталады. Ең жоғары жылдық өндіру көлемі 7,2 млн. тонна, келісім-шартының мерзімі аяқталған кезде өндірілген мұнай көлемі 110 млн. тонна, өндірілетін көгілдір отын мөлшері 19,1 млрд. текше метрді құрайды.