Бұған дейін А.Ақаевтар отбасына тиесілі болған қаржы ағынының есебінен Қырғызстанның мемлекеттік бюджетіне қосымша 122 млн. доллар құйылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұған дейін А.Ақаевтар отбасына тиесілі болған қаржы ағынының есебінен Қырғызстанның мемлекеттік бюджетіне  қосымша 122 млн. доллар құйылмақ

Бұған дейін А.Ақаевтар отбасына тиесілі болған қаржы ағынының есебінен Қырғызстанның мемлекеттік бюджетіне қосымша 122 млн. доллар құйылмақ

"Биыл Қырғызстан мемлекеттік бюджетіне бұған дейін жоспарланған 18 млрд. көлеміндегі қаржыға қоса тағы 5 млрд. сом құйлады". Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында бұрынғы президент Асқар Ақаев пен оның отбасы мүшелерінің дәулет-мүлкін түгендеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Үсенов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 478
Фото - Caravan.kz

Д.Үсеновтың айтуына қарағанда, қазір республикадағы 42 кәсіпорын бұрынғы Қырғызстан президенті мен оның жақын туыстарына тиесілі ме, жоқ па деген тұрғыда тексерілу үстінде. Мемлекеттік комиссияның тізімінде бірнеше сауда орталықтары, мейрамханалар, жанармай тарату станцияларының желісі, ірі кәсіпорындар, пансионаттар мен республикадағы көптеген БАҚ-тар бар. Д.Үсеновтың айтуынша, А.Ақаевтың отбасы билеген қаржы ағындары енді мемлекеттік бюджетке құйылатын болады.

Д.Үсеновтың айтуынша, бұрынғы президент Асқар Ақаев пен оның отбасы мүшелерінің дәулет-мүлкін түгендеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның «Бител» ұялы байланыс компаниясын сатып алған Қазақстандық инвесторларға қоятын ешбір кінәсі жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік комиссия бастапқыда «Бителді» құруға мемлекеттің қатыстылығы туралы мәселеге қызығушылық танытқан, бірақ, тексеру барысында ешбір қайшылық шыққан жоқ.
Мемлекеттік комиссия төрағасы сондай-ақ Канттағы цемент-шифер өндіру комбинаты акцияларының 67 процентін сатып алған қазақстандық инвесторларға қатысты талаптардың да алынғанын хабарлады. Д.Үсеновтың айтуынша, комбинатты Асқар Ақаевтың күйеу баласы Әділ Тойғанбаев мардымсыз қаржыға жекешелендіріп алып, артынан қымбат бағаға «Азияцемент» АҚ-ына сатып жіберген.
Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қырғызстан Республикасының Қауіпсіздік қызметі тарапынан А.Ақаевтың күйеу баласы, Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады. Оған Қырғызстандағы кәсіпкерлік іс-қызметі барысында түрлі заң бұзушылықтарға жол берген деген айып тағылып отыр.

Перейти к новостям спорта