Италияның ANSA ұлттық ақпараттық агенттігі Қазақстанда өз өкілдігін ашуға ниет білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияның ANSA ұлттық ақпараттық агенттігі Қазақстанда өз  өкілдігін ашуға ниет білдіруде

Италияның ANSA ұлттық ақпараттық агенттігі Қазақстанда өз өкілдігін ашуға ниет білдіруде

Қазақстанда Италияның ANSA ұлттық ақпараттық агенттігінің өкілдігін ашу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде ІҮ Еуразиялық МедиаФорум аясында өткізілген баспасөз мәслихатында ANSA ақпараттық агенттігінің шетелдік жаңалықтарының бас редакторы Джулио Пекора мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 566
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен Қазақстанға байланысты ақпараттарды ANSA ақпараттық агенттігінің Мәскеудегі бюросы таратады. «Осы аймақтағы ақпараттарды Қазақстандағы бюродан тарататын мерзім жетті»,- деді Д.Пекора.

Оның айтуынша, Қазақстанға «дүниежүзіндегі ірі мұнай сатушы елдердің бірі ретінде» Италиялық БАҚ-тар қызығушылық танытып отыр.
«Сонымен бірге мұнда Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Айлақтан өткен аптада Италиялық астронавт ғарышқа жол тартты»,- деді Д.Пекора. Агенттік сондай-ақ аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты ақпараттарға да қызығушылық танытып отыр.
Қазақстандық бюрода жергілікті кәсіби журналистер жұмыс істейтін болады, ал біз «олардың ақпараттарын дүниежүзіне тарататын боламыз»,- деді Д.Пекора.

Перейти к новостям спорта