Интернет журналистерді жалқау қылып жіберді - сарапшы Джулиан Шер - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интернет журналистерді жалқау қылып жіберді - сарапшы Джулиан Шер

Интернет журналистерді жалқау қылып жіберді - сарапшы Джулиан Шер

"Интернет журналистерді жалқау қылып жіберді. Интернет ақымақ адамдарды ақылды болдырмайды, ол ақылды журналисті тіптен ақылды, ал ақымақтарын одан бетер ақымақ етеді". Бүгін, 22-сәуірде ІҮ Еуразиялық МедиаФорум жұмысы барысында Journalism.net порталының негізін қалаушы, интернет-журналистика жөніндегі сарапшы Джулиан Шер осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Интернет , сөзсіз, журналистика саласының жұмысын біршама жеңілдетті. Қазіргі жағдаймен интернетті сыбайлас жемқорлықпен күресте журналистік зерттеулердің тиімді құралы ретінде пайдалануға болады»,- деді ол. Алайда, сарапшының пайымдауынша, «мұндай ақпараттардың бәрі бірдей ақиқат бола бермейді».

Ақпарат іздеу мәселесіне тоқталған Д.Шердің пікірінше, «интернеттегі іздеу жүйесін пайдалану журналистиканы мән-мағынадан айыра бастады. Өйткені, бұл жүйелер ақиқат пен өтіріктің, насихат пен сенімді ақпараттың аражігін ажыратып, баға бермейді».
«Әрине, мен интернет әлемді өзгертті, журналистиканы өзгертті деген пікірмен қосыламын. Бірақ ол бәр жағдайда бірдей жақсы жағына қарай өзгерткен жоқ»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта