Қазақстан президенті "Сайлау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті  "Сайлау туралы"  заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға  қол қойды

Қазақстан президенті "Сайлау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті "Сайлау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президенттіктен, сенат, мәжіліс немесе мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу үміткер мен оның жұбайы немесе зайыбы кірісі мен мүлкі туралы декларацияны салық мекемесіне тапсырғаны туралы анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, түзетулер арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталған сәттен бастап сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланғанға дейін партиялық тізімге енген саяси партиялар мен үміткерлердің митинг, шеру, демонстрация немесе басқа да ереуіл түрлерін ұйымдастыруына тыйым салынады.
Өзгерістер аясында сонымен бірге жазасын толық өтемеген немесе заңда көрсетілген тәртіп бойынша сот айыбынан құтылмаған тұлға мен сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе жартылай қабілетті деп танылған тұлғалар сайлау комиссиясының мүшесі болуға тиіс емес деп көрсетілген.
Түзетулер арқылы сайлаушы тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайдағы дауыс беру тәртібі реттеледі. Мәселен, егер сайлаушы сайлаушылар тізімін жалпы халыққа таныстыру мерзімі мен дәл сайлау өтетін күндер аясында тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және оның жеке басын куәландыратын төлқұжатының негізінде сайлаушыға сайлауға қатысу құқығы туралы куәлікті береді. Осындай куәлікті көрсеткен жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны келген жеріндегі сайлау учаскесіндегі тізімге енгізеді.
Заңға енгізілген түзетулер арқылы үміткерлердің сенімді тұлғаларының саны белгіленді. Мәселен, мәжіліс сайлауы кезінде депутаттықтан үміткерге тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесінде үш-үштен сенімді тұлға тағайындауға рұқсат беріледі. Ал сенат депутаттығынан үміткерлердің сенімді өкілдерінің саны тиісті округтегі мәслихаттар санынан артуға тиіс емес.
Сонымен бірге заңда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдарға үміткерлердің ат ұсынуы мен сайлануына, партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлауда нәтижеге жетуіне кедергі келтіретін және түрткі болатындай іс-әрекет жүргізуге тыйым салады.
Конституциялық заң ресми баспасөз беттерінде жарияланған және жарық көрген сәттен бастап күшіне енеді.

Перейти к новостям спорта