Алматы қалалық тәртіп сақшылары ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы  қалалық тәртіп сақшылары ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады

Алматы қалалық тәртіп сақшылары ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады

Алматы қалалық тәртіп сақшылары "Жұлдыз ай" ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні құрықтады. Бұл туралы бүгін, 23-сәуірде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ІІББ бастығының бірінші орынбасары Виктор Бугаев жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Әуезов ауданындағы «Жұлдыз ай» ақша айырбастау бөлімшесіне 16-сәуірде қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Кассир-әйелді атып өлтірген қарақшылар 1,5 млн. теңгеге бағаланатын шетел валютасын алып кеткен.

Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде 21-сәуір, бейсенбіде ІІББ-ның қылыстық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысқа күдіктілер ретінде Алматының екі тұрғынын ұстады. Олардың бірінен шабуыл кезінде пайдаланылған болуы мүмкін деп танылған ПМ тапаншасы тәркіленді.
Қазір екі күдікті де уақытша тергеу қапасына қамалды. Полиция күдіктілерді осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Тәркіленген қару сараптамаға жолданды.

Перейти к новостям спорта