Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, қазір магистральды газ құбырының 363-ші шақырымында газ өлшеу станциясы монтаждалып жатыр.
Жалпы алғанда 2005-жылдың 1-тоқсанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ 356 747 мың теңгенің жұмыстарын атқарып шықты. Атап айтсақ, «Ақыртөбе» жер асты газ қоймасы мен «Южный» Магистральды газ құбырлары басқармасының «Самсоновка» желілік өндірістік басқармасында 2 дизельдік электр станциясы, сондай-ақ, «Атырау» Магистральды газ құбырлары басқармасының Індер желілік өндірістік басқармасында ПАЭС-2500 2 электр станциясы пайдалануға берілді.
Сонымен бірге «ҚазТрансГаз» АҚ 2005-жылдың 1-тоқсанында Орталық Азия-Орталық-ІІІ магистральды газ құбырының 52-56-шақырымында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «Чижа» және «Орал» желілік өндірістік басқармасының «А» компрессорлық цехының өрт сөндіру жүйелерін күрделі жөндеуден өткізді.