ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Иван Кравченконың айтуынша, қазіргі жағдаймен «тұрғын үй қорын тиімді басқаруға жағдай жасау және тұрғын үй қатынастарын демократияландыруды көздейтін бағдарламаның мақсат-міндеттеріне жергілікті және атқарушы органдар мен министрліктер жалпы алғанда бағынып отыр».
Бағдарламаның жобасы бойынша министрліктер арасындағы көзқарас қайшылығын министрдің орынбасары «анау айтқандай принциптік сипатта емес» деп атап көрсетті. Ал ҚР әділет министрі З.Балиеваның пікірінше, жоба авторлары ұсынып отырған кейбір өзгерістер мен толықтыруларды құжатқа енгізуге болмайды.
Мәселен, жоба авторлары жергілікті өкілеті органдардың шешіміне ортақ мүлікті күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған шығындардың сатылы түрде өтеп беруді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. «Жергілікті атқарушы органдар — биліктің бір тармағы. Сондықтан үкіметтің қаулысымен олардың шешіміне өзгерістер енгізу мүмкін емес»,- деді З.Балиева.
И.Кравченконың айтуынша, ҚР индустрия және сауда министрлігі қазіргі бар тұрғын үй қорын күрделі жөндеуге қажетті қаржыны есептеп шығарды. Жаңадан қолданысқа енгізілген құрылыс нормативтеріне сәйкес, қаржы көлемі 237,4 млрд. теңгені құрап отыр.