Тәжікстанның Хотлон облысы Дустинский ауданында тұратын 41 жастағы азамат Алматыдағы Сазановская көшесіндегі бір жай үйдің ауласында қолға түсті. Тәртіп сақшылары одан 62,07 грамм героин тәркіледі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі Алматыға «Қордай» кеден бекеті арқылы жеткізілген.