Британдық университеттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британдық университеттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша Қазақстанмен  ынтымақтастыққа дайын

Британдық университеттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын

Британдық университеттер Елбасының "Болашақ" бағдарламасы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа және қазақстандық студенттерді бакалавр, магистр және PhD докторлары бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауға дайын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 1437
Фото - Caravan.kz

Ұлыбританиялық білім беру мекемелерінің жетекшілерімен кездесулер

ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімованың еуропалық туры (Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Польша) шеңберінде Лондон қаласында өтті.
Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауындағы «ХХІ ғасыр деңгейіндегі білім беру және кәсіби дайындық» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан мен Ұлыбританияның білім ұялары арасындағы тікелей байланысты орнату және ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Б.Әйтімова сапарының бағдарламасында Ұлыбритания Білім министрлігі, Британдық Кеңес және беделді жоғарғы оқу орындарының (ЖОО) басшыларымен кездесулер болды.
Министр Ұлыбритания Білім министрлігінің Жоғарғы оқу стратегиясы басшысы Рачел Грин ханыммен кездесіп, сұхбат барысында британдық тарап ҚР саяси және экономикалық салалардағы дамуының жетістіктері мен табыстары, Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау, ҚР үздік студенттерін әлемдік жетекші ЖОО-да оқыту үшін Президенттік стипендияларды ұлғайту туралы толық хабардар болды. Тараптар 1994-жылғы 21 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары барысында қол қойылған мемлекеттер арасындағы білім бері саласындағы екіжақты келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Лондонға сапары барысында Б.Әйтімова Британдық кеңестің Бас директоры сэр Д.Гринмен, University College of London, әлемге әйгілі Оксфорд және Кембридж университеттерінің, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында маманданған Рединг университетінің, әлемдегі көшбасшы техникалық университеттерінің бірі болып табылатын «Империал Колледж» секілді ЖОО басшылығымен кездесулер өткізді.
Аталған кездесулер барысында Б.Әйтімова британдық әріптестеріне Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму барысы туралы айтып беріп, оларды жаңа «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға шақырды.
ҚР білім және ғылым министрі Саррей университеті жанындағы «Surrey Satellite Technology Limited» атты белгілі британдық аэроғарыштық компаниясының басшысы сэр Мартин Суитингпен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты аэроғарыштық саладағы ынтымақтастықтың келешегін, атап айтқанда «Есіл» спутниктік кешені бойынша, сондай-ақ авиағарыштық сала үшін қазақстандық мамандарды даярлау мәселелерін талқылауға сайды.
Б.Әйтімова сонымен бірге Ұлыбританияда оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.
ҚР білім және ғылым министрі Лондоннан Парижге аттанды.

Перейти к новостям спорта