27-сәуірде 16 сағатта Полицияның шұғыл басқару орталығына Пушкин және Мәметова атындағы көшелерінің қиылысында төбелес кезінде қару пайдаланылғаны туралы ақпар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен «Боран» тобының тәртіп сақшылары мен учаске инспекторлары төбелеске қатысқан үш адамды тұтқындады. Оқ тиіп жараланған екі адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнындағы тексеру кезінде «ОСА» тапаншасынан атылған екі резеңке оқ табылды.
Қазір полиция қызметкерлері жаңжалға қатысқан басқа да адамдарды анықтауда.