Республика тұрғындарының әлеуметтік аз қорғалған бөлігінің байланыс қызметіне жұмсаған шығындарының өтеміне жергілікті бюджеттерге 20 млн. теңге аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика тұрғындарының әлеуметтік аз қорғалған бөлігінің байланыс қызметіне жұмсаған шығындарының өтеміне жергілікті бюджеттерге 20 млн. теңге аударылды

Республика тұрғындарының әлеуметтік аз қорғалған бөлігінің байланыс қызметіне жұмсаған шығындарының өтеміне жергілікті бюджеттерге 20 млн. теңге аударылды

2005-жылдың 1-тоқсанында ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі республика тұрғындарының әлеуметтік аз қорғалған бөлігінің байланыс қызметіне жұмсаған шығындарының өтеміне жергілікті бюджеттерге 20 млн. теңге аударды. Бұл туралы бүгін, 29-сәуірде "ҚР "Байланыс туралы" заңының орындалуы" тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Дулат Оразалинов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 544
Фото - Caravan.kz

«2005-жылғы республикалық бюджетте аталмыш трансферттер түріне 2 млрд. теңге қарастырылған»,- деді Д.Оразалинов. Оның ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен облыстық әкімшіліктер мен Алматы және Астана қалалық әкімдіктерінен 70 млн. теңгенің өтемақысын бөлуге өтініштер келіп түсті.

«Қалалық телекоммуниациялық желілердің абоненті болып табылатын әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындардың телефон үшін төлейтін абоненттік төлемақысын өтеп беру ережелері ҚР үкіметінің қаулысымен 2004-жылы бекітілген»,- деді Д.Оразалинов. «Қаулыға сәйкес, аталмыш трансферт түрлерінің операторы болып ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі бекітілген»,- деді ол.
2004-жылдың ІҮ тоқсанында осы бап бойынша жергілікті бюджеттерге 12 млн. теңге аударылды.

Перейти к новостям спорта