Байқоңыр әкімшілігі РФ азаматтарының Қазақстан аумағынан шығу проблемасын шешуге талпынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр әкімшілігі РФ азаматтарының Қазақстан аумағынан шығу проблемасын шешуге талпынуда

Байқоңыр әкімшілігі РФ азаматтарының Қазақстан аумағынан шығу проблемасын шешуге талпынуда

Байқоңыр ғарыш айлағы кешенінде тұрып жұмыс істейтін РФ азаматтарының Қазақстан аумағынан шығу проблемасы туындады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, азаматтардың өзара визасыз қатынауы туралы келісімнің хаттамасына сәйкес, 25-мамырдан бастап ЕурАзЭҚ-қа қамтылатын Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағы арқылы қатынау үшін дипломатиялық, қызмет бабындағы және шетелдік төлқұжаттар қажет болмақ.

Осыған байланысты Байқоңырда Ресей азаматтары арасында шетелдік төлқұжат алуға ұзыннан-ұзақ кезектер түзіле бастаған. 20 мыңдай Ресей азаматтары жазғы демалыс кезінде республика аумағынан қажетті құжаттарды рәсімдеп ала алмай отыр.
Осыған байланысты қалалық әкімшілік РФ үкімет басшысы мен РФ СІМ-нің атына хат жолдап, онда күрделі ахуалды шешуге қажетті ұсыныстарын білдірді. Атап айтсақ, «Байқоңыр тұрғындары үшін жалпымемлекеттік төлқұжатқа сәйкес шекарадан өту жөніндегі бұрынғы тәртіпті сақтап қалу немесе хатттаманың орындалу мерзімін кейінге қалдыру» ұсынылған.

Перейти к новостям спорта