Еліміздің кұс өсірушілері үкіметтен құс етін импорттауға квота белгілеп, жемнің бағасын арзандатуды сұрамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кұс өсірушілері үкіметтен құс етін  импорттауға квота белгілеп, жемнің бағасын арзандатуды сұрамақшы

Еліміздің кұс өсірушілері үкіметтен құс етін импорттауға квота белгілеп, жемнің бағасын арзандатуды сұрамақшы

Бүгін, 29-сәуірде Алматыда өткен дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, Қазақстан құс өсірушілерінің одағы құс етін импорттауға квота белгілеу және салаға арнап жемнің бағасын арзандату туралы өтінішпен республика үкіметіне мәлімдеме жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 722
Фото - Caravan.kz

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің малшаруашылығы департаментінің директоры Совет Сәттүғұлдың айтуынша, бүгінде еліміздегі құс еті рыногының ауқымы жылына 120 мың тоннаны құрайды. Оның 40,8 мың тоннасы отандық өндірістердің үлесінде. Қажетті өнімнің қалған бөлігі шетелдерден импортталады. Импорттың 98 проценті АҚШ-тан келетін құс санының үлесіне тиеді.

Мамандардың пікірінше, кедендік баж салығының мөлшерін арттыру тиімсіз болып шықты. Мәселен, 2003-жылдан бастап құс етін шетелдерден әкелу тарифін бір тоннасына 20 евродан 25-ке өсіру импорт үлесін азайтуға септігін тигізген жоқ. Өйткені, АҚШ-та құс етін өндіруге мемлекеттен дотация бөлінеді, соған байланысты сауда-саттық компанияларының бағаны арзандатуға мүмкіндігі толық.
Қазақстандық кәсіпорындардың ел ішіндегі рынокты жаулай алмай отыруына басты себеп — құс фабрикаларының технологиялық тұрғыда артта қалуы мен отандық және импорттық өнімдердің баға айырмашылығы болмақ, деп санайды С.Сәттіғұл. Еліміздегі тұрақты жұмыс істейтін 9 құс фабрикасының бірнешеуі ғана қазіргі заманғы технологияларға көшті. Сонымен бірге Қазақстанға АҚШ-тан әкелінетін құстың сан еттерінің 1 килосы 0,4 долларға сатылса, елімізде өсірілген құс етінің бір килосы 150 теңгеден жоғары бағаланады.
Сондықтан құс етін импорттауға квота белгілеу мен салаға арнап жемнің бағасын арзандату бірнеше тауқыметті еңсеруге көмектеседі, дейді С.Сәттіғұл. Мәселен ол еліміздегі азық-түлік рыогындағы тұрақтылықты сақтауға, артта қалған құс фабрикаларын жаңалауға, олардың қуатын арттыруға, асыл тұқымды құс шаруашылығын құруға, жаңадан дами бастаған құрама жем өндірісінің инфрақұрылымын қолдауға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылығы министрлігіндегілердің пікірінше, квота мөлшері 45 мың тоннадан артпауы тиіс. Осы орайда министрлік үкіметтен 2006-жылы жалпы мал шаруашылығы саласына арнап жем-шөпті арзандату мақсатына 3 млрд. теңге, соның ішінде құс шаруашылығы үшін 1 млрд. теңге бөлуді сұрап отыр. Сонымен бірге Қазақстан құс өсірушілерінің одағы саланың мұқтаждығына деп 400 мың тоннадай астық сақтап қалуды ұсынуда.
Мамандардың пікірінше, егер үкімет Қазақстан құс өсірушілерінің одағы ұсынған шараларды іске асыратын болса, ондай жағдайда отандық құс өсірушілер бес жылдан кейін тек отандық рынокты жаулап қана қоймай, сонымен бірге өз өнімдерін әлемдік рынокқа шығару мүмкіндігіне де қол жеткізеді.
Қазақстан құс өсірушілері одағының ақпаратына сәйкес, 2004-жылы Қазақстанда 700 мың тонна ет тұтынылды. Соның ішінде құс етінің үлесі 18 процентке тең. Алдағы жылдарда құс етінің рыногы кем дегенде 150 мың тоннаға дейін өседі деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта