Өткен жылы кәсіпорындардың өңделмеген сүрек өндірісі 2003 жылмен салыстырғанда тұтастай республика бойынша 10%-ға азайып, 271 мың тығыз текше метр құрады. Бұл негізінен жапырақты (86%) және қылқан жапырақты бөренелердің (41%) есебінен болды. Отын сүрегін өндіру 18%-ға өсіп, 202,3 мың тығыз текше метрді құрады.
Қазақстандағы орман қоры 2004 жылы 13,4 мың гектар алаңда жүргізілген орманды қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты жүргізудің арқасында сақталды. Мемлекеттік мақсаттағы ормандарда сүректік бағалы екпе ағаштар санатына жас ағаштарды өсіріп, іске қосу 7,3 мың гектар алаңда жүргізілді, бұл 2003 жылға қарағанда 2,7% жоғары.
Мемлекеттік орман қорының көшеттіктерінде және ормандарында отырғызу үшін 57,6 тонна ағаш тұқымдары өсірілген, бұл өткен жылға қарағанда 8,5% артық.