Алматы облысында адам ұрлап өлтірген күдікті құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында адам ұрлап өлтірген күдікті құрықталды

Алматы облысында адам ұрлап өлтірген күдікті құрықталды

Алматы облыстық ІІББ-ның қызметкерлері Алакөл ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің өтем талап ету үшін адам тонап, артынан оны өлтіргенін мойындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 2005-жылдың 22-сәуірінде Қарабұлақ ауылының бір әйел тұрғыны заң коллежінің үшінші курсында оқитын студент ұлы тоналғанын айтып, арыз берген. Шағым иесінің айтуынша, адам тонаушы беймәлім қылмыскер ұлының өтеміне 8 мың доллар талап еткен.

Полицияға келіп түскен арызға сәйкес қылмыстық іс қозалды.
Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде Алакөл ауданы Екпінді ауылының тұрғыны қолға түсті. Ол ұрлап алған студентті өлтіріп тастағанын мойындап, мәйіттің жатқан жерін көрсеткен.
Қазір қылмыскер Ескелді аудандық уақытша тергеу қапасында отыр. Тұтқынның үстінен адам ұрлау және өлтіру деректері бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта