Осы мәртебелі форум аясында 4-мамырда қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесі бойынша еліміздің ұстанымдарын баяндап сөз сөйлейді.
Сондай-ақ сапар барысында Қ.Тоқаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанмен, Австралия, Иран, Малайзия, Люксембург және басқа елдердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен кездеседі деп жоспарланған.