Қазақстан уран өндіру көлеміне қарай дүниежүзінде үшінші орын иемденді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан уран өндіру көлеміне қарай дүниежүзінде үшінші орын иемденді

Қазақстан уран өндіру көлеміне қарай дүниежүзінде үшінші орын иемденді

Ядролық-отындық цикл мәселелері жөніндегі АҚШ-тың беделді апталығы Ux Weekly жариялағандай, Қазақстан Республикасы уран өндірісі бойынша әлемде үшінші орынға орнықты. Қазақстанда 2004-жылы 3719 тонна уран өндірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 1388
Фото - Caravan.kz

Сонымен уран өндіру көшін бастап отырған алғашқы үштікке Қазақ елі де енді: Канада (әлемдік өндірістің 29,2%); Австралия (22,6%); Қазақстан (9,4%).

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК 2004-жылы 3363 тонна уран шығарды. «Қазақатомөнеркәсібі»ҰАК табиғи уран өндірудің жылдық көрсеткішін 2010 жылға дейін 15000 тоннаға жеткізіп, сол арқылы Қазақстанды әлемдегі уран өндіруші елдердің көшбасшысына айналдыруды өз алдына бағдарлама етіп белгілеген.
«Қазақатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы — уран және сол тектес материалдарды экспортқа шығарушы ұлттық оператор саналады. Компанияның 100 пайыздық акциясы түгелдей мемлекет меншігінде, яғни Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі иелік етеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми негізде жарақтау және мамандар даярлау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету сияқты алты бірдей негізгі бағыттағы жұмысқа басшылық жасайтын холдинг түрінде құрылған. 2005 жылдың басында компания жұмысшыларының саны 19 мыңнан асты.

Перейти к новостям спорта