Қазақстанда президент сайлауы 2006-жылы өтуі тиіс - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда президент сайлауы 2006-жылы өтуі тиіс - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қазақстанда президент сайлауы 2006-жылы өтуі тиіс - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қазақстанда кезекті президент сайлауы 2006-жылғы желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өтуі тиіс. Бүгін, 3-мамырда Алматыда "Қазақстаннның тұрақты дамуында Конституцияның атқарған ролі" тақырыбы бойынша өткізілген бас қосуда ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Мамыр 2005
  • 726
Фото - Caravan.kz

О.Жұмабековтың айтуынша, ҚР Конституциясының 94-бабында атап көрсетілгеніндей, ел президентінің өкілеттілік мерзімі кезекті президент сайлауында жаңа мемлекет басшысы жеңіске жеткенге дейін жалғасады, ал президент сайлауы 7 жыл сайын желтоқсанның алғашқы жексембісінде өткізіледі. «Еліміздегі президент сайлауы 10-қаңтарда өтті. Ол 1999-жылдың 20-қаңтарында ант беріп, қызметке кірісті. Сондықтан 7 жылдық өкілетті мерзім 2006-жылдың 20-қаңтарында аяқталады. Демек, Ата заңға сәйкес, сайлау 2006-жылы желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өтуге тиіс»,- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

О.Жұмабековтың айтуынша, «сайлау мерзімін жариялау құқығы ҚР парламенті мәжілісінің құзыретінде болмақ».

Перейти к новостям спорта