Малайзиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы клестерлік дамуға қызығушылық танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы клестерлік дамуға қызығушылық танытып отыр

Малайзиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы клестерлік дамуға қызығушылық танытып отыр

Куала-Лумпур қаласындағы Қазақстан елшілігі Малайзияның индустриялық даму жөніндегі агенттігі, Малайзияның халықаралық сауда және индустрия министрлігінің жанындағы сыртқы суданы дамыту жөніндегі корпорациясы, Малайзияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы семинар өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 427
Фото - Caravan.kz

ҚР индустрия және сауда министрлігінің өкілдері семинарға қатысушыларға Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан үкіметінің инвестициялық саясаты және елге тікелей инвестиция салу мүмкіндіктері туралы таныстырды.

Малайзиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы клестерлік даму жоспарына қызығушылық танытты. Атап айтсақ, малайзиялық капиталдың туристік инфрақұрылымды дамыту, азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарын өндіруші кластерлеріне үлес қосу мүмкіндіктері сарапқа салынды.
Кәсіпкерлерге арналған шараға Малайзияның 70-тен астам компаниясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Перейти к новостям спорта