Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қаржыландыру саласындағы тәжірибесі Бакуде өтетін халықаралық семинарда таныстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қаржыландыру саласындағы тәжірибесі Бакуде өтетін халықаралық семинарда таныстырылады

Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қаржыландыру саласындағы тәжірибесі Бакуде өтетін халықаралық семинарда таныстырылады

Бүгін, 3-мамырда Бакуде "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға арналған қаржылық тетіктер" тақырыбындағы екі күндік халықаралық семинар басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Мамыр 2005
  • 575
Фото - Caravan.kz

Семинарды Әзербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі Байланыс саласындағы аймақтық Достастықтың атқару комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған ұлттық стратегияларды іске асырудың қаржылық тетіктерін қолданысқа енгізу — семинардың басты тақырыбы.
Бүгін семинар барысында «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған қаржылық тетіктерді қолданысқа енгізу жөніндегі Ресей тәжірибесі», «Бюджет және Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған шығындар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған ұлттық стратегияларды іске асырудың қаржылық тетіктері», «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды Даму пайдалану жобаларын қолдау тетіктерінің бірі ретінде кәсіпкерлікті пайдалану» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалды.
Ертең Қазақстандық өкілдер «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторын қаржыландыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесі» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ролі» деген тақырыптар бойынша сөз сөйлейді.
Семинар соңында қорытынды құжат қабылданады.
Семинарға Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қазақстан және Молдова өкілдері қатысуда.

Перейти к новостям спорта